386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда Босфор бұғазынан өтетін үшінші көпір ашылады

  • 879

Түркияның Ыстамбұл қаласында Босфор бұғазының екі жағасын жалғайтын үшінші көпір ашылмақ.

Оған ХVI ғасырдың басында Осман империясын басқарған Сұлтан Селимнің есімі берілген. Бұл миллиондаған халқы бар мегаполис тұрғындарына үлкен сый болайын деп тұр. Себебі көпірдің іске қосылуы қала көшелеріндегі кептелісті біршама азайтады. Мәліметтерге қарасақ, осы бағытта күніне 2 миллион көлік ары-бері ағылады екен. Оның үстіне 2013 жылы қолға алынған көпірдің құрылысы да ерекше. Жобаның жалпы құны 6 миллиард АҚШ долларына тең.

Ахмет Арслан, Түркияның тасымал, су қатынастары және байланыс министрі:

- Аспалы көпірде темір жолды қосқанда 10 жолақ бар. Оның ұзындығы бір жарым шақырым. Биіктігі теңіз деңгейінен 322 метр жоғарыда орналасқан. Ені 59 метр. Әлемдегі ең енді көпір болмақ. Ол Ыстамбұл тұрғындарының қатынасын біршама жеңілдетеді.

Хабар 24 телеарнасы