384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Astana food and fashion festival өтіп жатыр

  • 675
Елордада Astana food and fashion festival өтіп жатыр

Бүгін ондаған қала тұрғыны fashion-индустрия әлемімен танысып, тәттілер жеу үшін «Арай» саябағына келді.

Тамақ пен сән әлемінің ауқымды фестивалі елорда тұрғындары мен қонақтарын екінші жыл қатарынан қуантып отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фестиваль бірнеше аймаққа бөлінген.

«Тамақ фестивалі бірнеше аймақтан тұрады, «Астаналық» аймақта ас үйге арналғанның бәрі бар, «Көк-базар» секторында 20 отандық өндіруші табиғи өнімдерін ұсынады, «Жерұйық» секторында стрит-фуд саласындағы қызықты стартап-жобаларды көруге болады. Осы жоба арқылы адамдарға фастфуд пен стритфудтың айырмашылығын жеткізбекпіз. Дұрыс тамақтанып, тек сапалы өнімдерді ғана жеу керек. Бұл жерден пайдалы, дәмді және табиғи астан дәм татуға болады. Сондай-ақ, бұл отандық шағын және орта бизнесті қолдаудың бір түрі», - дейді Astana food and fashion festival басты ұйымдастырушысы Әлия Сапарова.

Pop Up Shop Astana аймағында қонақтар дизайнерлік киім-кешектер, әшекейлер, интерьер заттары жәрмеңкесін және көркемдік галереяны аралай алады.

Саябақ аумағында түрлі қызық бар. Спорт сүйер қауым үшін кроссфит-алаңы жасалды. Жас астаналықтар да уақытты көңілді өткізеді. Сондай-ақ, «Кинотеатр» секторында қазіргі заманғы фильмдер көрсетіледі, «Чиллаут» аймағында жайлы ортада кофе ішіп, тынығуға болады.

Фестиваль ертең де сағат 12-ден 20-ға дейін өтеді.

Айта кетейік, шараға Recommended by EXPO-2017 Астана қаласының серіктестері де қатысуда. Бүгін фестиваль аясында «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директорының орынбасары Амантай Әбілов пен «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ маркетинг және дамыту департаментінің менеджері Сәуле Бөлебаева бағдарламаның 38 қатысушысына сертификаттар мен Recommended by EXPO-2017 Астана қаласының серіктестері белгілерін табыстады.

Еске салайық, Астана қаласының серіктесі статусын алу үшін кәсіпорындар ұсынатын қызметтерінің сапасын бағалаудан өткізеді.

Бағдарлама көрме өткеннен кейін де жұмыс істейді, оның барысында серіктестердің қызметтерінің сапасын мониторингтеу, жаңа серіктестерді тарту жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы