384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда жүргіншілер жүретін көпір опырылып түсті

  • 737

Ұлыбританияның Кент графтығында тас жолдың екі бетін жалғап тұрған көпір қирады.

Жаяу жүргіншілерге арналған өткелдің астымен өтіп бара жатқан жүк көлігі қабырғаны соққан. Бір адам жарақат алды. Жергілікті өрт сөндіру қызметі құлаған көпір астында адам жоқ деп мәлімдеді. Ал күре жол жабылған. Келеңсіз жағдай апта бойы тапжылмай еңбек етіп сенбілік демалысқа шыққан британдықтарға біршама қиындық туғызды. Себебі жолдың жабылуына байланысты ұзын сонар кептеліс пайда болған.

Хабар 24 телеарнасы