388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда үздік тауарлар көрмесі өтті

  • 754

«Қазақстанның үздік тауары».

Оралда осындай тақырыппен көрме-байқау өтті. Аймақтың үздік өнімдерін сарапқа салған шараға 20 шақты жергілікті кәсіпорын қатысты. Жүзден астам өнім түрін ұсынған өндіріс орындарының бір ғана міндеті болды. Ол – бәсекеге қабілетті сапалы тауар өндіру. Осы талаптан шыққан үздіктер қатарында биыл ауыл кәсіпкерлері де көп. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша «Орал сауда өнеркәсіп компаниясы» топ жарды. Іргелі кәсіпорын полиэтилен құбырын шығарып қана қоймай, күнделікті тұтынатын пластик ыдыстарын өндіруді де жолға қойған.

Елена Безобразова, кәсіпкер:

- Біз өкпені жасанды тыныс алдыруға арналған бірегей аппараттар жасаймыз. Өнімдеріміз адам өмірімен тікелей байланысты. Сондықтан, сапа мәселесі біз үшін өте маңызды. Әлемдік стандарттарға сай келетін қондырғылар әзірге тек біздің өңірде ғана жасалады. Өндірістегі қазақстандық үлестің көлемі 70 пайызға жуықтайды. Болашақта оның көлемін арттыра түсуге күш саламыз.

Нұрлан Қайыршин, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Былтырғы жылды қарасақ, бізден БҚО-нан «Қазақстанның үздік тауары» бойынша оралдық «Стеклосервис» ЖШС бірінші орын алды. «Алтын сапа» туралы айтсақ былтыр «Агропродукт-ЛТД». Биыл да біздің сеніміміз бар, 10 шақты кәсіпорын «Алтын сапаға» қатысады, 9 компания Қазақстанның үздік тауары конкурсы бойынша

Хабар 24 телеарнасы