385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парагвайда шабуылдан 8 сарбаз ажал құшты

  • 615

Парагвайда экстремистердің әрекетінен 8 сарбаз ажал құшты.

Лаңкестік әрекет елдің солтүстік-шығысындағы Арройито қаласының маңында болған. Содырлар жарылғышты әскери техника өтетін жолдың бойына жасырған. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, олардың мақсаты - жауынгерлердің қару-жарақтарын иемдену. Бұл лаңкестер «Парагвай халық әскері» деген атаумен белгілі жергілікті экстремистік топтың мүшелері болуы мүмкін.

Мария Лопес, қаза тапқан сарбаздың анасы:

- Менің ұлым - Серхио Даниэль Лопес. Ол туралы мәлімет сұрап едім, ешкім ештеңе айта алмай отыр. Ұлымның әскер қатарында жүргеніне 2 жыл болды.

Хабар 24 телеарнасы