384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ пен Еуропа еркін сауда аймағын құру жөнінде келісімге келе алмады

  • 530

АҚШ пен Еуроодақ арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер нәтиже берген жоқ.

Бұл туралы Германияның Экономика министрі Зигмар Габриэль мәлімдеді. Саясаткердің айтуынша, келіссөзге қатысқан тараптар Транс-атлантикалық сауда және инвестициялық келісімнің бірде-бір бабы бойынша ымыраға жете алған жоқ. Ал сарапшылар бұл келісім жүзеге асса, АҚШ пен Еуропада 13 миллион жаңа жұмыс орны ашылып, халықаралық сауда-саттықтың қарқыны өсер еді дейді. Алайда Еуропаның басым бөлігі АҚШ-пен келісім жасалса, өнім сапасының төмендеуіне әкеледі деп қауіптенеді. Себебі бағасы арзан әрі сапасы төмен америкалық тауарлар дүкен сөрелерінде еуропалық тауарлардың орнын басады.

Хабар 24 телеарнасы