376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің Президенттік оркестрі Мәскеудегі Қызыл алаңда өнер көрсетті

  • 799

«Игра престолов» әйгілі хикаясының саундтрегі мен «Иван Васильевич меняет профессию» атты фильмдегі әнді біріктіретін не?

Екеуі де Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрінің репертуарына кіреді. Қазақстандық әскерилер Ресейдегі кино жылына орайластырылған «Спасск мұнарасы» фестивалі аясында осындай бағдарламамен өнер көрсетті. Дүние жүзінен жиылған әскери оркестрлердің байқауы Мәскеуде 9-шы рет өтуде. Қызыл алаңдағы фестиваль басталмас бұрын Италиядағы жер сілкінісінің құрбандарының құрметіне бір сәт үнсіздік жарияланды. Шараны биыл Қазақстан, Ресей, Беларусь және Моңғолия ұжымдары бірлесіп ашты. 12 елдің өкілдерінің арасында біздің әскерилерді мәскеуліктер ерекше ықыласпен қарсы алды.

Талғат Бердіғұлов, Президенттік оркестрдің жетекшісі:

- Бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші концертіміздің репертуары ұлттық музыкамен тікелей байланысты болды. Биыл Ресейде кино жылы екенін ескере отырып, фильмдердегі белгілі музыкалық композицияларды алып келдік. Концерттік бағдарламаның соңында біз қала тұрғындары үшін арнайы Мәскеу туралы әндерді орындаймыз.

Ералхан Орманов, бөлімше командирі:

- Бағдарламамыз биыл қызығырақ. Оларда бізден осыны күткен еді. Біз жыл сайын өзіміге ғана тән бір ерекше жаңашылықпен келеміз. Сонда есте қалып, келер жылы бізді күтетін болады.

Фестивальде ерекше дәстүр пайда болды. Қазақстандықтар өнер көрсеткен кезінде көрермендер телефондарының жарықтарын қосып, ықыластарын білдіруде. 4 қыркүйекке дейін Мәскеу нағыз өнер ордасы болмақ. Саябақтар мен сапаржайларда 20 шақты әскери оркестр өз өнерін паш етпек.

Авторлары: Дана Нуржан,Тимур Алтынбаев.

Хабар 24 телеарнасы