386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен тағы бір қарағандылық ауруханаға түсті

  • 767

Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен тағы бір адам ауруханаға түсті.

Қазір ол Балқаш қаласындағы ауруханада жатыр. Бұған дейін Ақтоғай ауданы Үшарал ауылының ерлі-зайыпты екі тұрғыны Қарағандыдағы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген еді. 16 тамыз күні олар ірі қара сойып, Балқаш қаласындағы дүкендердің бірінезаңсыз сатқан. Бүгінде 68 келі ет тәркіленіп, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, биылдың маусым айында Қарағанды облысының екі тұрғыны сібір жарасынан көз жұмған болатын.

Мерғазын Данияр, облыстық аумақтық ветеринариялық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары:

- Сойылған малмен бірге болған мал басы толық оқшауланып ұсталып отыр. Күнделікті термометрия жасалып отыр. Сынамалар малдың сойылған жеріндегі топырақтан алынды, сирақ терісінен алынды, тәркіленген еттен алынды. Қазір сараптама жұмыстары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы