389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшылар: Ядролық қарусыз әлем құру - өте өзекті мәселе

  • 576

Ресейдің сарапшылар бірлестігі Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті қамтуға бағытталған бастамасын қолдайды.

Бейбітшілікті қолдап, ядролық қарудан ада ел атануға арналған Қазақстанның жеті бағытты тәжірибесі ядролық қаруы бар басқа елдерге үлгі болуы тиіс. «Дүние жүзін дүрліктіріп тұрған террорлық қауіп кезінде Астанада «Ядролық қарусыз әлем құру» конференциясының өтуі – қазіргі уақытта ең өзекті мәселе», - дейді Мәскеу мемлекеттік университетінің ақпараттық-сараптамалық орталығының директоры.

Сергей Рекеда, ММУ Ақпараттық-сараптамалық орталығының бас директоры:

- Жер жаһанда қиын жағдай туындап тұрған кезде Қазақстанның ядролық қарусыз әлем бағытындағы бастамасын ары қарай жүзеге асыруы өте маңызды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды жою туралы өте маңызды мәселе көтерді. Өйткені тұрақсыздық кезінде бұл қарулар қауіпті ұйымдардың, террористердің қолына түсуі мүмкін. Олар оны қандай мақсатта пайдаланытынын ешкім дөп басып айта алмайды. Кеңестер одағы құлағаннан бері Қазақстан әрдайым ядролық қауіпті қаруға қарсы өз ұстанымдарын айтып, одан бас тарту туралы халықаралық мінбелерден мәселе көтеріп келеді. Алғашқы болып сынақ полигонын жапты. Өзгелерге үлгі көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы