389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бішкектегі Қытай елшілігінің маңында жойқын жарылыс болды

  • 769

Қырғызстан астанасындағы Қытай елшілігінің жанында жойқын жарылыс болып, 1 адам ажал құшты.

Бішкектің Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі төтенше оқиға сағат 10:00 шамасында болды деп мәлімдеген. Алдын ала мәлімет бойынша, елшілік ғимараты қақпасының алдында көлік жарылған. Дипломатиялық өкілдіктің 2 қызметкері жараланды. Оқиға орнына келген дәрігерлер оларға жедел көмек көрсеткен. Республиканың құқық қорғау органдары жарылыстың мән-жайын анықтау үстінде.

Хабар 24 телеарнасы