386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жаңа нысандар іске қосылды

  • 835

Ел ішінде баламасы жоқ үй құрылысы комбинаты Ақтөбеде пайдалануға берілді.

Комбинат 100 пайыз отандық мазмұндағы көпқабатты үйлерді тұрғызуға бағытталған. Яғни, құрылысқа тек елімізде өндірілетін материалдар мен шикізат қолданылады. «Үй құрылыс комбинаты» үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған. Жобаға жұмсалған 1,4 млрд теңгенің пайыздық мөлшерлемесін мемлекет субсидиялады. Инженерлік желілер 130 млн теңгеге тартылған. Зауыт 1 жылда 9 қабатты 10 үй тұрғыза алады. Комбинатта 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Артылып қалған өнімдер көрші елдердің нарығына шығарылады. Мереке күні пайдалануға берілген тағы бір нысан жылына 5 мың тонна қалбырдағы ет өнімін шығаратын цех. Жоба құны 550 млн теңге. Онда 60 адамға жұмыспен қамтылды.

Татьяна Мельникова, кәсіпорын технологы:

- Барлық өнім мемлекеттік стандарт бойынша дайындалады. Қалбырға ет, тұз, бұрыш, май және лавр жапырағы салынады. Яғни, бәрі табиғи өнімдер, ешқандай артық қоспалар араластырмаймыз. Оның 58 пайызын ет құрайды. Сұраныс болады, өнім сапалы, сондықтан, тұтынушыларға ұнайды деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы