383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кореялық профессор Н.Назарбаевтың Семей полигонын жапқанын даналыққа балайды

  • 533

Пхеньян Қазақстаннан үлгі алып, ядролық қарудан бас тартуы керек.

Оңтүстік Кореяның ресми тұлғаларының ғана емес, ғалымдарының да пікірі осыған саяды. Мысалы, Азия-Тынық мұхиты зерттеу орталығының директоры Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жапқанын даналыққа балайды. Профессордың пайымдауынша, Қазақстан биік экономикалық жетістіктерге осы шешімнің арқасында қол жеткізді. Еліміздің Оңтүстік Кореяның стратегиялық әріптесі екеніне мән берген сарапшы екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың тек ядролық қауіпсіздік мәселесімен шектелмейтінін айтты. Мысалы, Оңтүстік Корея үкіметі Қазақстан экономикасын индустриаландыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға мүдделі. Екі елдің әлеуеті, бірлескен жобалары мен халықаралық аренадағы орны туралы толығырақ қыркүйек айында өтетін семинарда қаузалады. Қазір Ханьян университетінде сол жиынға қызу дайындық жүріп жатыр.

Ом Гу Хо, Ханьян университеті Азия-Тынық мұхиты зерттеу орталығының директоры:

- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігері мен даналығының арқасында Орталық Азиядағы ядролық қарудан ада аймақ туралы келісімге қол қойылды. Қазақстанның әрекеті бүкіл әлем үшін маңызды. Біз бүгін Солтүстік Корея да ядролық қарудан бас тартады деп үміттенеміз. Біз үшін сіздің елдің бастамасы үлкен өнеге. Сондықтан біз Қазақстан әлемдік аренада бейбіт атомды пайдалану мен төмен байытылған уран банкын құру мәселелерінде де жетекші рөл атқаратынына сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы