375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Марафонға байланысты Астананың орталық көшелерінде қозғалыс тоқтатылады

  • 917
Марафонға байланысты Астананың орталық көшелерінде қозғалыс тоқтатылады Фото: runsociety.com

4 қыркүйекте елордада «Астана Марафон-2016» ауқымды спорттық шарасы өтеді.

Марафон ұйымдастырушылары қала тұрғындары мен қонақтарын 4 қыркүйек күні сағат 07:30-дан 14:00-ге дейін орталық көшелердің жарыс уақытында жабылатындығын алдын ала хабарлайды.

 

4 қыркүйек 7:30-дан 14:00-ге дейін жабылатын көшелердің тізімі:

42 шақырым бағдары 07:30-дан 14:00-ге дейін:

- Тұран даңғылының Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысынан Кольцоға дейінгі (Қабанбай батыр даңғылы, Әуежайға апаратын трасса) аралығы;

- Қабанбай батыр даңғылы Кольцодан Орынбор көшесіне дейінгі аралық;

- Орынбор көшесі Қабанбай батыр даңғылымен қиылысынан Сарайшық көшесімен қиылысына дейінгі аралық;

- Сарайшық көшесі Орынбор көшесімен қиылысынан Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі (М1 көпірін қоса алғанда) аралық;

- Байтұрсынұлы көшесінің Сарайшық және Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралығы;

- Тәуелсіздік даңғылының Байтұрсынұлы көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысынан Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралығы;

- Қалдаяқов көшесінің Тәуелсіздік даңғылы мен Қалдаяқов көшесінің қиылысынан Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралығы;

- Нәжімеденов көшесінің Қалдаяқов және Нәжімеденов көшелерінің қиылысынан Аманжолов көшесіне дейінгі аралығы;

- Аманжолов көшесінің Нәжімеденов және Аманжолов көшелерінің қиылысынан Қошқарбаев көшесіне дейінгі аралығы;

- Қошқарбаев көшесінің Аманжолов және Қошқарбаев көшелерінің қиылысынан Айнакөл көшесіне дейінгі аралығы;

- Айнакөл көшелерінің Қошқарбаев және Айнакөл көшелерінің қиылысынан Абылайхан даңғылына дейінгі аралығы;

- Абылайхан даңғылының Абылайхан даңғылы мен Айнакөл көшесінің қиылысынан Пушкин көшесіне дейінгі аралығы;

- Пушкин көшесі, Тәшенов көшесі, Республика даңғылы Сейфуллин көшесіне дейінгі аралық;

- Сейфуллин көшесі, Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі аралық

- Сарыарқа және Тұран даңғылдары Сейфуллин көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі (Хан Шатыр) аралық;

 

21 шақырым бағдары 07:30-дан 12:00-ге дейін:

- Тұран даңғылының Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысынан Кольцоға дейінгі (Қабанбай батыр даңғылы, Әуежайға апаратын трассасы) аралығы;

- Қабанбай батыр даңғылы Кольцодан Орынбор көшесіне дейінгі аралығы;

- Орынбор көшесінің Қабанбай батыр даңғылымен қиылысынан Орынбор және Қонаев көшелерінің қиылысына дейінгі аралығы;

- Қонаев көшесінің Орынбор және Қонаев көшелерінің қиылысынан Қонаев және Түркістан көшелерінің қиылысына дейінгі аралығы;

- Түркістан көшесінің Қонаев және Түркістан көшелерінің қиылысынан Түркістан және Достық көшелерінің қиылысына дейінгі аралығы;

- Достық көшесінің Түркістан және Достық көшелерінің қиылысынан Достық және Ақмешіт көшелерінің қиылысына дейінгі аралығы;

- Ақмешіт көшесінің Достық және Ақмешіт көшелерінің қиылысынан Ақмешіт және Қонаев көшелерінің қиылысына дейінгі аралығы;

- Қонаев көшесінің Ақмешіт және Қонаев көшелерінің қиылысынан Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысына дейінгі аралығы;

 

10 шақырым бағдары 07:30-дан 11:00-ге дейін:

- Тұран даңғылы Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысынан Тұран даңғылы мен Хусейн Бен Талал көшесінің қиылысына дейін. Бұл нүктеде айналым жасалып, қозғалыс қарама-қарсы бағытта жалғасады

- Тұран даңғылының Тұран даңғылы мен Хусейн Бен Талал көшесінің қиылысынан Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысына дейінгі аралығы;

- Достық көшесінің Тұран даңғылы мен Достық көшесі қиылысынан Нұрлы жол және Достық көшелерінің қиылысына дейінгі аралығы;

- Нұрлы жол көшесінің Нұрлы жол және Достық көшелерінің қиылысынан Қонаев және Нұрлы жол көшелерінің қиылысына дейінгі аралығы;

- Қонаев көшесінің Нұрлы жол және Қонаев көшелерінің қиылысынан Тұран даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысына дейінгі аралығы.

Хабар 24 телеарнасы