386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында науқастың сібір жарасын жұқтырғаны расталды

  • 604

Қарағанды облысында «күйдіргі жұқтырды» деген күдікпен аурухана түскен науқастың диагнозы расталды.

Бұл туралы Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің мамандары мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, аймақта сібір жарасы алғаш рет маусым айында Еркінді ауылында тіркеліп, салдарынан екі адам көз жұмды. Одан кейінгі жағдай Ақтоғай ауданында болды. Ауласында мал сойып, етін бөлшектеген ерлі-зайыпты Қарағанды қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Ал Балқаш ауруханасында тағы бір науқас жатыр. Ол ірі қараның еті жеткізілген дүкеннің қасапшысы екен. Ветеринар мамандардың мәліметінше 68 келі ет тәркіленіп, көзі жойылды. Жұқпалы дерттің алдын алу бойынша малмен байланыста болғандарға ем-дом жасалып, эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғастырылуда.

 

Хабар 24 телеарнасы