389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында сібір жарасы диагнозы үш адамда расталды

  • 1572
Қарағанды облысында сібір жарасы диагнозы үш адамда расталды фото: azh.kz

Қарағанды облысының үш тұрғыны сібір жарасымен ауырып қалғаны анықталды.

Қазір Ақтоғай ауданының ауылшаруашылық қожалығы қыстағында карантин жарияланды. Дəл осы мекенде сібір жарасымен ауырған мал сойылған.

Естеріңізге сала кетейік, Үшарал қыстағының екі тұрғыны облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, ал үшінші адам Балқаш қаласының ауруханасын ем алуда. Облыс əкімшілік баспасөз қызметінің мəліметінше, жұқпалы аурудың алдын алу шаралары кең ауқымда жүріп жатыр. Малдың етін елді мекендерден шығаруға қатаң тыйым салынып, полиция бекеттері орнатылған.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың маусым айында сібір жарасын мал етінен жұқтырған екі ауыл тұрғыны көз жұмған болатын.

Хабар 24 телеарнасы