389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысының Құрма ауылында жаңа мектеп ашылды

  • 914

Еңселі ғимаратта 237 оқушы білім алады. Олардың 145-сі қазақ, 92-сі орыс бөлімінде оқиды. Жаңа білім ордасы мультимедиялық мамандандырылған физика, химия және биология кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ спорт және ойын алаңдары бар. Екі қабатты нысанның құрылысына 800 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Айта кеткен жөн, бүгін Қарағанды облысында 23 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Аймақтағы 180 білім беру мекемесі жөндеуден өтіп, екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы үш нысан тапсырылмақ.

Бекен Ғабдуллин, ауыл тұрғыны:

- Ауылымызда үлкен қуаныш, жаңа мектеп ашылып жатыр. Мектеп заманға сай салынған, кластары кең жарық, барлық жағдай жасалған балалардың оқуына.Педагогтарда іріктелініп алыныпты.

Хабар 24 телеарнасы