389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

37 млрд теңгеден астам қаражат мемлекет қазынасына өндірілді

  • 681

Бүгінге дейін салық төлемей келген кәсіпорындардан 38 млрд теңгедей қаржы мемлекет қазынасына өндірілді.

Мұндай көрсеткішті Экономикалық тергеу қызметінің басқарма басшысының орынбасары баспасөз жиынында мәлімдеді. Абзал Байманов аталған сома осы уақытқай дейін анықталған залалдың тек 70 пайызы екенін айтады. Кәсіпорындар мен компанияларға салықтан жалтаруға ұйымдасқан қылмыстық топ көмектеседі. Еліміз бойынша осындай 12 топ анықталған. Қазір топтың мүшелері жазасын өтеп жатыр.

Абзал Байманов, Экономикалық тергеу қызметі басқарма басшысының орынбасары:

- Биыл экономикалық тергеу қызметінде жалған кәсіпкерлік бойынша 1374 және салық төлеуден жалтару бойынша 557 қылмыстық іс тіркелді. Заңды тұлғалар көбінесе жалған мекемелер арқылы салық төлеуден қашып жүреді. Осындай жүйе белең алған.

Хабар 24 телеарнасы