380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰОС ардагері Қапкен Сүлейменов 112 жасқа қараған шағында өмірден озды

  • 1023
ҰОС ардагері Қапкен Сүлейменов 112 жасқа қараған шағында өмірден озды

Үш айға жетер-жетпес уақыттан соң Қапкен Сүлейменов 112 жасқа толатын еді.  

Ресейдің Түмен облысының қарт тұрғыны, ҰОС ардагері Қапкен Сүлейменов бүгін Омутинск ауданында 111 жасында бақиға аттанды.

Қапкен ақсақал 1904 жылы 15 желтоқсанда СҚО-ның Пресновск ауданына қарасты Баян ауылында дүниеге келген. Ұжымдастыру жылдарында олардың отбасы Омутинск ауданындағы Қызылту қазақ ауылына жер аударылады.

1941-1945 жылдар аралығында қан майданда ерлікпен соғысқан. Сол үшін Жуков медалімен, Отан соғысы орденімен марапатталған.

Соғысқа дейін де, одан кейін де ауыл және мал шаруашылығымен айналысқан. Ардагер ешқашан шылым тартпаған және алкоголь ішпеген. Дәрігерлер оның ұзақ өмір сүруінің бір себебі осы болуы мүмкін екендігін айтқан. 

ҰОС ардагерін жер қойнына тапсыру рәсімі 4 қыркүйекте өтеді, деп жазады tumen.kp.ru.

Хабар 24 телеарнасы