386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстан билігі Самарқанд әуе кеңістігін жапты

  • 1674
Өзбекстан билігі Самарқанд әуе кеңістігін жапты www.ato.ru

Мәскеудің Домодедово әуежайынан Самарқандқа ұшып шыққан Uzbekistan airways ұшағы Ташкентке қонды. Өзбекстан билігі Самарқанд әуе кеңістігін барлық азаматтық рейстер үшін жабуға шешім қабылдады. Қонуға 20 минут қалғанда ұшқыш жолаушыларға «Самарқанд кеңістігінің жабылуына байланысты» ұшақтың Өзбекстанның астанасына қонатынын хабарлаған. Мәскеуден ұшып шығардың алдында әуекомпания өкілдері бағыттардың өзгеру туралы ешқандай бұйрық алмағанын айтады.

Айта кетейік, бүгін Өзбекстанның ширек ғасырдан астам уақыт басқарған Ислам Каримовті жерлеу рәсімі өтеді. Самарқанд әуежайы бүгін тек жерлеу рәсіміне келетін өзге елдердің рейстерін қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы