388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстанда 3 күн қаралы деп жарияланды

  • 752

Өзбекстанда 3 күн қаралы деп жарияланып, мемлекеттік тулар төмен түсірілді. Бүгін осы елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовті жерлеу рәсімі өтеді. Ол кеше 79 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Өзбекстан үкіметі мен парламенті таратқан хабарға сәйкес, Ислам Каримов туған жері, ата-анасы жатқан Самарқан қаласында шариғат заңына сай жерленеді. Осыған байланысты шаһарда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бірқатар көшедегі көлік қозғалысына шектеу қойылған. Сонымен бірге бүгін Самарқан әуежайы ұшып-қонуға арнайы рұқсаты бар ұшақтардан басқа барлық әуе кемелері үшін жабық тұр.

Хабар 24 телеарнасы