375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы марафонға әлемнің 25 елінен 4500 желаяқ қатысты

  • 1451

Таңғы сегізден бері Астана марафоны өтіп жатыр. Төрт мың бес жүз желаяқ бірнеше қашықтық бойынша жарысқа шықты. Ең ұзағы 42 шақырымға созылатын нағыз марафон. Жартылай және қысқа марафонға қатысушылар бар. Әлемнің жиырма бес елінен кәсіпқой және әуесқой спортшылар келіпті. Олар да қазір бәсеке жолында. Жарысқа тіркелген әрбір адам қайырымдылық шараға қатысушы болып саналады. Ал үздік нәтиже көрсеткендер «Спорт шебері» дәрежесімен марапатталады.

Әр қашықтықтың өзіндік уақыт нәтижесі бар екенін де еске салайық. Жалпы, марафон 1896 жылдан бері ресми жарыс ретінде мойындалады. Сол жылы жеңіл атлетиканың осы түрі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген болатын. Жыл сайын дүние жүзінде мыңдаған марафон өтеді. Атақ-даңқына қарай жіктелетінін де айта кетейік. Мысалы, алтын таңбалы алты марафон бар. Бостон мен Нью Йорк, Чикаго мен Лондон, Берлин мен Токио марафондары сол қатарда. Ал Астанадағы бәсеке 2009 жылдан бастау алады. Қатысушылар саны жыл сайын өсіп келеді.

Болат Жұмәділов, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы:

- Халықтың салауатты өмір салтына бет бұрғанына қуанып жатырмыз. Халыққа береке тілейміз. Мықты болсын!

Хабар 24 телеарнасы