389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауда мұнайшылар музейі ашылды

  • 1166

Маңғыстау облысының Жетібай кен орнында «Еңбек Даңқы» музейі ашылды. Ол мұнай-газ саласында еңбек еткен қайраткерлерге арналады. Онда тарихи құнды құжаттар мен көне суреттер қойылған. Осыдан 55 жыл бұрын дәл сол орында алғашқы мұнай атқылап, ауданның ғана емес, бүкіл еліміздің дамуына жол ашқан жаңа стансалар бой түзеген еді. Өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың құрметіне қойылған мемориалды тақта да ашылды. Ал Жетібай кентінде екі балабақша пайдалануға беріліп отыр. Оның бірі мемлекеттік те, екіншісі жекеменшік. «Балапан» бағдарламасы бойынша тұрғызылған тәрбие ошағы 280 бүлдіршінді қабылдады. Соның арқасында жергілікті 100 тұрғын жұмыспен қамтылды. Ал жекеменшік бөбекжай 90 балаға қуаныш сыйлады.

Бақыт Иманбаев, Мұнай өңдеу компаниясының бас директоры:

- Біз бұл жердіМаңғыстауды Қазақстанның мұнай саласына маман дайындайтын үлкен ошағы деп есептейміз. Сондықтан бұл мұражайды ашып отырмыз. Сонау 1961 жылдың 6 маусымынан бастап, осы жерде болған үлкен тарихи оқиғаларды көрсеткіміз келді. 

Хабар 24 телеарнасы