376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшылар: G20 саммитіне қатысу - Қазақстанның тәжірибесі мен беделін мойындау

  • 836

Қазақстанның «Үлкен жиырмалық» саммитіне шақырылуы аймақтық қақтығыстар мен дау-жанжалды тиімді шешетін және Еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосатын ел ретінде айрықша мойындалуын білдіреді. Мұндай пікірді ресейлік сарапшылар айтуда. Олар біздің елдің жаһандық форумға қатысуы «Үлкен жиырмалыққа» пайда әкеледі деп сенеді.

Алексей Пилько, Еуразиялық коммуникация орталығының директоры:

«Үлкен жиырмалық» қазір ғаламдық саясатты айқындап отырған нағыз клуб. Осы жиынға Нұрсұлтан Назарбаевтың шақырылуы оның саясаткер ретіндегі жеке беделін білдірсе керек. Қазақстан ең алдымен, өте жауапты әлемдік ойыншы. Біз Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Қазақстанның атқарған салмақты орнын жақсы білеміз. Қазір Қазақстан Ресей-Түркия арасында өткен жылдың аяғында туындаған дағдарысты реттеуде елеулі рөл атқаруда.

Дмитрий Журавлев, аймақтық мәселелер институтының бас директоры:

- Бұл форматқа қатысу әлемдік үдерістерге ықпал ету мүмкіндігін білдіреді. Бұл жиынға шақырылу дегеніміз ғаламдағы 20 көшбасшы мемлекеттің бірінің орнын басу, яғни зор беделді аңғартады. Бұл форматтың күштілігінің өзі оған қатысушылардың әрқайсының өзіндік орнын білдіреді. Қазақстан қазірдің өзінде ықпалды мемлекеттердің қатарында. Қазақ елі «Үлкен жиырмалық» тобында өзі үшін де, әлем үшін де пайдалы жаһандық үдерістерге ықпал ете алады.

Хабар 24 телеарнасы