389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері санитарлық авиация бригадалары 1740 медициналық қызмет көрсеткен

  • 580
Жыл басынан бері санитарлық авиация бригадалары 1740 медициналық қызмет көрсеткен фото: www.mzsr.gov.kz

Жыл басынан бері республикалық санитарлық авиация бригадалары 1408 ұшырылым жасап, халыққа 1740 медициналық қызмет көрсеткен. Оның ішінде 1365 науқас тасымалданып, 289-іне кеңес берілген. Сондай-ақ осы аралықта 86 операция жасалды.

Тасымалданған науқастардың 70%-ы облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 30%-ы Астана және Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарға жатқызылды. Сонымен бірге санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары әртүрлі жарақат алған 425 пациентке, оның ішінде жол-көлік апатынан зардап шеккен 180 адамға медициналық көмек көрсетті.

Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы