386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында сібір жарасы оқиғасына қатысты бірнеше басшы жұмыстан кетті

  • 1101

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында бірнеше шенеунік жұмысынан қуылды. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков сібір жарасы шыққан Үшарал ауылына барып, тұрғындармен кездесті. Ауыр індеттің алдын алмай, жұмысына салғырт қараған бірнеше маманды орнынан алды. Бұған дейін сібір жарасы Ақтоғай ауданының Үшарал елді мекенінде тіркелген болатын. Қазір аймақта карантин жарияланып, полиция бекеттері орнатылды. Жақында ғана Жеңіс қыстағында өзінің ауру малын сойған Дулат Байжұманов пен тағы екі адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен еді. Олардың үшеуіне де сібір жарасы диагнозы қойылды.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, облыс әкімі:

- Осы жағдайдың қалыптасуына жол бергені үшін аудан әкімінің орынбасары осы салаға жетекшілік жасайтын қызметінен босатылсын деп тапсырма беремін. Сондай-ақ өзінің қызметтік міндеттерін салақ атқарғаны үшін аудандық ветеринария бөлімінің басшысына, енді жаңадан келіп жатыр ғой, сондықтан сөгіс жариялаймын.

Хабар 24 телеарнасы