384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылық бір топ зағип жан велосипедпен Астанаға жол тартпақ

  • 690

Қазір олар алыс сапарға дайындалып жатыр. Тілшіміз Ұлан Нарынбек рухы мықты азаматтармен кездесіп, жол алдындағы көңіл-күйлерін біліп қайтты.

Ұлан Нарынбек, «24KZ» арнасының тілшісі:

- Тағдыр қосқан достар елордаға қыркүйек айының соңында аттанады. Уақыт аз қалғандықтан жиі кездесіп, жолдың жайын ақылдасып жүр. Ерекше веломарафонға 13 адам қатысқалы отыр. Жанары сәл көретін адамдар велосипедті өздері тебеді. Ал өзге жігіттер тандемде болады. Олармен бірге дәрігер мен механик те жолға шығады.

Кенжеғұл Социалұлы, Алматы-Астана веломарафонының қатысушысы:

- Жол бойында бізге уақыт жоғалтпау үшін тамақтарымызды дайындап беретін, суларымызды дайындап беретін арнайы волонтерлер іздеп жүрміз.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға тандемнің екінші орындығында болса да отыру қаншалықты қиын? Оны сезіну үшін көзімізді қара матамен байлап, тандемге мініп, Алматыны біраз аралап қайттық.

Жігіттер Алматы-Астана веломарафонына дайындықты 6 шілдеден бастапты. Әуелі Алматы-Қапшағай тас жолында жаттықса, кейін Талдықорғанға дейін барып келген. Жаттығу сайын тыныстары ашылып, жүрістері ширай бастағанын айтады.

Кенжеғұл Социалұлы, Алматы-Астана веломарафонының қатысушысы:

- Велосипед тепкен әрине, өзіме ұнайды. Себебі бұл маған бостандықтың сезімін береді. Астанаға жетсек, мен бір сағат айғайлайтын шығармын. «Бәйтеректің жанына жеттім» деп. Керемет сезім ғой. Қазірдің өзінде менде сондай күш пайда болды.

Велошабандоздар 1200 шақырымды 10 күннің ішінде жүріп өтеміз деп жсопарлап отыр.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов.

Хабар 24 телеарнасы