389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Қазақстанда денсаулық сақтау саласының 60 нысаны қолдануға берілді

  • 2596
Биыл Қазақстанда денсаулық сақтау саласының 60 нысаны қолдануға берілді фото: budjakonline.md

Жылдың соңына дейін елімізде денсаулық сақтау саласының 60 нысаны пайдалануға беріледі. Оның ішінде 25 нысан «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалардың құрылысы» жобасының аясында, 35-і жергілікті атқарушы органдар өтінімінің негізінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен салынуда.

Аталған жобаның аясында 32 емхана, алғашқы медициналық-санитерлық көмек орталықтары мен 318 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылысы қарастырылған.

1 қыркүйектегі мәліметтерге сәйкес, 325 нысанның немесе жоспарланған нысанның 93%-ның құрылысы аяқталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы