389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Союз ТМА-19М» ғарыш кемесі Жерге сәтті қонды

  • 1239

Халықаралық ғарыш станциясынан «Союз ТМА-19М» ғарыш кемесіне отырған экипаж мүшелері Жерге сәтті оралды.

Экипаж құрамында америкалық Джеффри Уильямс, ресейлік Алексей Овчинин мен Олег Скрипочка бар. Капсула Қарағанды облысындағы Жезқазған қаласынан 148 шақырым қашықтыққа түскен.

Аппарат қонған жерге ғарышкерлерді капсуладан эвакуациялайтын іздеу-құтқару жасағының 200-ге жауық қызметкері жұмылдырылды. Шараға арнайы жабдықталған 12 тікұшақ пен төрт ұшақ тартылды.

Хабар 24 телеарнасы