384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ірі жол апатынан зардап шеккен оқушы жансақтау бөлімінде

  • 739

Елорданың Иманов көшесінде болған ірі жол апатынан үш мектеп оқушысы зардап шекті. Олардың бірі ауыр халде. Дәл қазір білікті хирургтар жас балаға операция жасап жатыр.

«Жансақтау бөліміне түскен қалған екеуінің жағдайы бірқалыпты», - дейді №2 қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері.

Бүгін Иманов көшесінде жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, апат кезінде оқушылар жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан көрінеді.

Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Lexus көлігінің 36 жастағы жүргізушісі жол бермей, екінші көлікпен соқтығысып, балаларды қағып өткен. 4 оқушы қалалық №2 ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Дәрігерлік бақылаудан кейін оқушылардың бірі медициналық көмекке мұқтаж болмай шықты.

Ұлықбек Асылбеков, №2 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Бір балада ешқандай жарақаттың белгісі болған жоқ. Екі балаға мидың шайқалуы деген диагнозбен нейрохирургия бөліміне жатқыздық. Ал 14 жастағы бала көрген кісілердің айтуынша, ауып кеткен машинаның астында қалған. Сол баланың алған жарақаты ауыр. Миына зақым тиген. Миы шайқалған. Сосын ішкі құрылысына зақым тиген. Қазіргі уақытта балаға операция жасалып жатыр. Енді қаншалықты зақым тигені операциядан кейін белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы