386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жүргізуші жол жиегіндегі қоршауға соғылып, ауыр жарақатынан көз жұмды

  • 880

Бүгін таңсәріде Алматыдағы Райымбек пен Сүйінбай даңғылдары қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Жылдамдық мөлшерін шамадан тыс арттырып, көлік тізгігініне ие бола алмай қалған жүргізуші жол жиегіндегі қоршауға соғылып, ауыр жарақатынан көз жұмды. Оқиға болған жерге жеткен құтқарушылар көлікті арнайы құралдың көмегімен темір қоршаудан босатты. Жүргізушіні қоршаудың тіреуіші қатты қысып қалған. Қазір осы апатқа байланысты уәкілетті органдар анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Есенбек Айдарбеков, «Қазжол ҒЗИ» АҚ департаменті директоры:

- Ұлттық стандарт бойынша 12/78 стандартта темірден жасалған металл қоршаулардың автомобильдерді қандай күшпен ұстайтыны көрсетілген. Осы стандарттар бойынша жол қоршаулары қойылады. 

Хабар 24 телеарнасы