386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы К.Мәсімовті ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындады

  • 1255

Кәрім Мәсімов Премьер-Министр қызметінен босатылып, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды. Ақорда сайтында Елбасының осындай Жарлығы жарияланды. Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңа құрам бекітілгенше өз міндетін атқаруды жалғастыра береді. Ал Үкімет басшысының міндеттерін уақытша атқару Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді.

«К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлық

1. Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Президенті                          Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 қыркүйек

№ 318

Хабар 24 телеарнасы