385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда шаңғышылар аспалы жолда қалып қойды

  • 573

45 саяхатшы 4 мың метр биіктікте қалып қойды. Италияның Монблан тауында жүзден аса адам Италия мен Франция шекарасындағы арнайы шаңғы жолынан қайтып келе жатқан. Күшті жел тұрып, аспалы құрылғы күтпеген жерден тоқтап қалады. Қараңғы түскенге дейін тікұшақтармен 65 адам құтқарылған. Бірақ кейін тұман салдарынан, құтқарушылардың операцияны тоқтатуына тура келді. Бірақ оларға азық-түлік, ауыз су мен жылы көрпелер жеткізілген.

Кэти Кук, АҚШ-тан келген турист:

- Біз кабинада он сағатқа қамалып қалдық. Фуникулёр сағат 3 жарым кезінде бұзылған, ал бізді түн ортасына қарай шығарды.

Хабар 24 телеарнасы