375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» марафоны кезінде түскен қаражат қайырымдылық қорларына үлестірілді

  • 605
«Астана» марафоны кезінде түскен қаражат қайырымдылық қорларына үлестірілді

«Астана» марафоны кезінде түскен қаражат қайырымдылық қорларына үлестірілді. 705 600 теңге «Қасиетті жолға» бұйырыпты. Бір топ марафоншы және Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит осы қордың кезекті шарасына қатысып, ем-дом қабылдаған бүлдіршіндердің жағдайымен танысты. 21 күн бойы оңалту орталығында болған Ермек пен Назлының тұсауын кесті. Орталық қызметкерлері Марафоннан бөлінген қаржыға микро-полляризация аппаратын алуды жоспарлап отыр.

Василий Левит, Рио олимпиадасының күміс жүлдегері:

- Қатты ризамын, мейірімді жандарға. Бәріміз де ойлануымыз керек. Мен де. Балаларға көмектесе алмауды мін санар едім. Ойланып отырмын. Бізден де көмек болады.

Арайлым Еркінқызы, Оңалту орталығының құрылтайшысы:

- Оңалту орталығы ашылғалы бері 700 баланы қабылдадық. Солардың жетпісі қадам жасап, жүрді. Бұл біздер үшін өте жақсы нәтиже. Енді Шымкентте ашу ойда бар.

Хабар 24 телеарнасы