384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жексенбі күні кезекті велошеру өтеді

  • 566
Алматыда жексенбі күні кезекті велошеру өтеді www.sports.kz

Алматы қаласында 11 қыркүйек күні кезекті велошеру өтеді. Бұл спорттық іс-шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өткізіледі.

Велошеру келесі бағыт бойынша өтпек: «Нұрлы Тау» БО-нан 09:00-де бастау алып, Республика сарайы алаңында аяқталады. Осылайша қатысушылар 9 шақырымды артқа тастап, қазақ эстрадасының жұлдыздарымен өтетін Отбасы күніне арналған концерттік іс-шараның куәгері болады.

Айта кеткен жөн, велошеру қатысушылары арасында көптеген бағалы сыйлықтар ойнатылады. Ең басты жүлде – Валлонияға (Бельгия) жолдама. 

Хабар 24 телеарнасы