378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібі нақтыланды

  • 577
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібі нақтыланды express-k.kz

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Халық қалаулылары назарына Қазақстан мен Сербия арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылмақ.

Сонымен қатар, Мәжіліс осы күні «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы, «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы, «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы аса маңызды заң жобаларын жұмысқа қабылдамақ.

Ал «Коллекторлық қызмет туралы» және оған ілеспе заң жобалары бойынша жұмыс одан әрі жалғастырлады деп күтілуде. 

Хабар 24 телеарнасы