389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Салливан Баррера Головкинге сәттілік тіледі

  • 685
Салливан Баррера Головкинге сәттілік тіледі Сурет Баррераның Твиттердегі ресми парақшасынан алынды

Салливан Баррера Головкинге Брукпен өткізетін жекпе-жекте Drama Show көрсетуіне тілектестік білдірді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Кубалық боксшы Салливан Баррера британдық Келл Брукқа қарсы жекпе-жек өткізетін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге сәттілік тіледі.

Өзінің ресми Twitter парақшасында промоутер Том Леффлерге және Геннадий мен Максим Головкиндерге арнап твит бөліскен.

«Сәттілік және бокс жанкүйерлері үшін нағыз Drama Show тілеймін», - деп жазған Баррера. Бірінші ауыр салмақта және орта ауыр салмақта өнер көрсететін 32 жастағы кубалық маусым айына дейін Абель Санчестің қарамағында жаттыққан болатын. Екі тараптың айырылуы Баррераның Уордтан жеңіліп қалуы сеп болған. 

Хабар 24 телеарнасы