384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматының алма ағаштары қайта гүлдеді

  • 1433

Алматыда алма ағаштары қайта гүлдеді. «Күзде ағаштардың қайта бүршік атуы табиғатта кездеседі», - дейді биолог Сергей Чекалин. Көктем жауын-шашынды болса, кей ағаштар толық бүр жармайды, ал ауа райы қайта суығанда қайта гүлдейді. Бірақ ол ағаштың жеміс беру қабілетіне кері әсер етуі мүмкін. Ал жергілікті тұрғындар алма ағашының қайта гүлдеуі қыстың жылы болатынын білдіреді деп болжайды.

Сергей Чекалин, Ботаника және фитоинтродукция институтының зертхана меңгерушісі:

- Өсімдіктер мен жеміс ағаштарының гүлдеу кезеңінде жауын-шашын мөлшері көп болса, ағаштар тозаңданып үлгермейді. Ал күзгі салқын ауа келгенде қайта гүлдеуі – табиғатта болып тұратын құбылыс. Бірақ олар келесі жылы жемісті аз беруі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы