386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин - Брук жекпе-жегі: Т.Томпсон ұлы үшін уайымдайтынын айтты

  • 620
Головкин - Брук жекпе-жегі: Т.Томпсон ұлы үшін уайымдайтынын айтты www.sports.kz

Орта салмақтағы британдық боксшы Келл Бруктың әкесі Терри Томпсон ұлының Головкинмен болатын жекпе-жегі алдында өзінің көңіл күйімен бөлісті. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

«Менің уайымдайтыным – Келдің денсаулығы. Келдің мұндай кездесулері бұған дейін де болған, алайда бұл өте маңызды жекпе-жегі. Әрине, қобалжу бар. Мен Келге сенемін. Кейде көшенің өзінде жүру қауіпті ғой. Ал біз әлемнің мықты қос боксшысы жайлы айтып тұрмыз, екеуінің де соққылары нық әрі күшті. Ата-ана ретінде бұл кездесуді «саябаққа сергіп қайтатын» жекпе-жек деп айта алмаймын. Негізі мен ешқашан қобалжып, толқып, күйгелектенбеймін, бірақ осындай нақты жекпе-жекте қатты алаңдап отырмын. Олардың екеуі де мықты жауынгер. Головкиннің де, басқа да боксшылардың әке-шешесі бар, олар да балалары үшін қатты уайымдайды», - дейді боксшының әкесі Томпсон. 

Хабар 24 телеарнасы