387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Алматы облысының күндері өтіп жатыр

  • 630

Алматы облысы қаңтар-шілде айлары аралығында 340 млрд теңгенің өнімін өндірген. Осыған орай жетісулықтар өз жетістіктерін паш ету үшін Алматы күндері аясында елордада көрме өткізді. Жер жәннаты Жетісудың 21 кәсіпорны тауарларын көпшілік назарына ұсына білді.

«Қуатты өңір, қуатты Қазақстан» күндері аясында ұйымдастырылған көрмеден фармацевтикадан бастап жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне дейін табуға болады.

Маржан Мұратқызы, Алматы облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

- Бүгінгі көрменің мақсаты – Алматы облысының өнеркәсібінің дамуын көрсету. Бүгінгі жетістіктерді көрсету. Осы жердегі өнеркәсіптегі ииновациялардың кеңінен қолданылып келе жатқандарын көрсету. Және шетелдік инвесторлармен жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды көрсету.

Осы шара аясында «Жерұйық мекен – Жетісу» атты облыстағы өнер ұжымдарының гала-концерті де өтті. Мың бұралған бишілер сахна төрінде би билеп, күміс көмей әншілер әуелетіп ән салды.

Хабар 24 телеарнасы