384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясында курсанттар әскери ант қабылдады

  • 2178

Алматыдағы шекарашы жауынгерлерді дайындайтын еліміздегі жалғыз академияға бүгін 250-ден астам курсант қабылданды. 4 жыл білім алып, әскери дайындықтан өтетін болашақ офицерлер Отан қорғауға ант берді.

Биыл Академияға түсуге ниет білдірген азаматтардың саны жылдағыдан 3 есе көп болған. Әскери саладағы қатаң талаптарға лайық деп танылған мектеп және колледж түлектері алдын ала арнайы іріктеуден өтті. Оқу кезінде курсанттар қару-жарақтың барлық түрімен оқ атып, әскери көліктерді жүргізетін болады. Кейін оқуды тәмамдаған соң шекара бекеттерінде қызмет етеді.

Рақымжан Лесбек, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының I курс студенті:

- Осы шекара қызметі академиясына оқуға түсу оңай болған жоқ. Неше түрлі сынақтар болды. Осы оқуға өзім жарты жылдай дайындалдым. Іші қызыққа, шыжыққа толы біздің академиямыз қаншама офицерлерді өзінің ұясынан ұшырды. Сол офицерлердің жолын қуған біз, I курс курсанттары өзіміздің елімізге адал болуға, Отанымыздың шекарасына берік болуға, қасық қанымыз, ақтық деміміз қалғанша қызмет етуге, Елбасымызға адал болуға әрқашан да дайынбыз және ант етеміз!

Хабар 24 телеарнасы