384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 13 сарбаз күрең берет иесі атанды

  • 1692

Күш пен қайрат, жігер мен мақсат сыналған әскери шара. Алматы облысында Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы жауынгерлері «Күрең берет» иесі атану үшін сынға түсті. Екі күнге созылған аса күрделі әскери дайындық шарасында 100-ге жуық үміткерден санаулы адам ғана ақтық сынға жетті. Сарбаздар арасында қайсарлық пен өжеттілікті, шыдамдылық пен төзімділікті сынға салар шараға бас аяғы 81 жауынгер қатысқан. Бірақ бірінші іріктеу кезеңінен басым бөлігі өте алмады. Ал сынақтың қорытынды кезеңіне 13 сарбаз суырылып шықты. Түрлі кедергілерден өткен жауынгерлер мергендік тануы керек. Қару-жарақты жақсы игеру де негізгі талап. Ал әскери сынақта ең шешуші, әрі қорытынды сәт - жекпе-жек. Үміткерлер 10 минут жұдырықтасып, күрең берет иесінің толассыз соққыларына да төтеп беру керек.

Мұрат Әбдісаламов, күрең берет иесі:

- Бала-шағама сылық жасап жатырмын. Әйелім босанды жақында, ұлды болды. Әке-шешемнің қуанышы. Алладан тілеймін жақсылықты. Мына күрең беретке жеттім. Екінші рет шықтым. Өткенде бағым жанбады, биыл бағым жанды. Өте қуаныштымын.

Сонымен бірге арнайы жасақтың әскери оқ-қарулары да таныстырылды. Лаңкестік әрекеттерге төтеп беріп, алдын-алуда бұл дайындықтың орны бөлек. Ал «Күрең берет» киіп, «Бүркіт» кеуде белгісін таққан 13 жауынгер, үлгілі сапқа қосылды. Биыл 16-шы рет өткізілген бұл сынақтан 200 сарбаз күрең берет кию мәртебесіне ие болған.

Данияр Зайнуллин, күрең берет иесі:

- Былтыр шығып осы жерге ала алмай кеткенмін. Содан бір жыл дайындалып биыл алдым. Сол енді жеткізе алмай тұрмын өзімнің сезімімді.

Авторлары: Алмас Сәдуақас, Нұрдәулет Жақсыбай.

Хабар 24 телеарнасы