389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин - Брук жекпе-жегіндегі ұмытылмас сәттер (бейне)

  • 792

Лондонның O2 аренасында өткен жекпе-жек қазақстандықтың пайдасына шешілді. Шаршы алаңнан тысқары қалған сәттерді баяндайтын бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.

Естеріңізге сала кетейік, төрткүл дүние көзін тіккен Головкин-Брук жекпе-жегі қыркүйектің 10-ынан 11-іне қараған түні Лондонда өткен болатын. Кездесудің 5-раундында Геннадий Головкиннің жойқын соққыларына шыдас бермеген британдық Келл Бруктың жаттықтырушылары шаршы алаңға ақ орамал тастап, ойынды тоқтатып тастады. Осылайша қазақстандық боксшы 36-жекпе-жегін тағы да жеңіспен аяқтады. Айта кетейік, жерлесіміз 36 кездесуінің 33-ін нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ қазақстандық былғары қолғап шебері мерзімінен бұрынғы жеңістерінің сериясын 23-ке дейін жеткізіп, орта салмақ дәрежесіндегі үздік нокаутер мәртебесін тағы да жақсарта түсті. Ал Брук үшін бұл жекпе-жек мансабындағы алғашқы жеңілісі саналады. 37 кездесу өткізген Брук оның 36-сын жеңіспен аяқтаған.

Бейнероликте мамандардың айтқан пікірлері, жекпе-жек алдында және соңында болған сәттер, сонымен қатар жоғарыдан түсірілген жекпе-жектің өзі де топтастырылған. Айта кетейік, жекпе-жек аяқталысымен Головкинді «Манчестер Юнайтед» клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович, «Игра престолов» телехикаясының жұлдыздары қазақстандықты кезекті жеңісімен құттықтады.

 

Осы тақырып бойынша өзге де жаңалықтар:

Салливан Баррера Головкинге сәттілік тіледі

Головкин - Брук жекпе-жегі: Т.Томпсон ұлы үшін уайымдайтынын айтты

Головкин - Брук жекпе-жегі сағат 00:00-де тікелей эфирде көрсетіледі

Головкин-Брук жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды

Лондондағы О2 аренасында бокс кеші басталды

Букмекерлер Головкиннің жеңісіне 1.20 коэффициент беріп отыр

Геннадий Головкин Брукпен жұдырықтасу үшін Лондондағы О2 аренасына келді

GGG-дің шаршы алаңға киіп шығатын киімінің суреті жарияланды

Головкин - Брук жекпе-жегі басталды

GGG Брукты техникалық нокаутпен тізе бүктірді

Брук Головкинмен өткен жекпе-жектен кейін хирургтердің көмегіне жүгінуге мәжбүр

К.Брук: Ол менің көз шарамды соққан кезде, менің алдымда Головкиннің бірнеше бейнесі пайда болды

«Игра престолов» телехикаясының жұлдыздары Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

Головкин P4P рейтингісінде үздік үштікке қайта енді

Абель Санчес Головкиннің келесі қарсыласы болуы мүмкін боксшыларды атады

Хабар 24 телеарнасы