389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында орақ науқаны басталды

  • 775

Егін ору науқаны Қарағанды облысында да жалғасып жатыр. Жауапты науқанға орай мемлекет тарапынан арзандатылған дизельдік отын бөлініп, шаруашылықтарға кедергісіз жеткізілуде. Нұра ауданының шаруалары әр гектарынан 18-20 центнерден астық жинауда. «Шахтер» шаруашылығы биыл 36 мың гектарға егін салыпты. Сонымен қатар жақын күндері 704 гектар жерге егілген майлы бұршақты жинау жұмыстары басталады. Оның өнімін негізінен Оңтүстік Азия елдеріне өткіземіз, - дейді шаруашылық басшысы. Биыл мұнда 130 гектарға картоп та егілген. Оны жинайтын ең соңғы үлгідегі техника еліміз бойынша бесеу-ақ болса, соның екеуі осында. Жалпы облыс бойынша биыл 730 мың гектар жерге дәнді дақылдар, 8 мың 451 гектарға картоп және 1,5 мың гектарға көкөніс егілген. Соның бүгінде тең жартысы жиналды.

Георгий Прокоп, серіктестік директоры:

- Орташа есеппен алғанда картоп алқабының әр гектарынан 370-390 центнерге дейін өнім алынуда. Биыл майлы бұршақтың ірі сұрыпын 704 гектар жерге ектік. Келешекте алқабын кеңейтеміз. Себебі оған сұраныс зор. Биылғысын жинап алған соң жартысын сатып, қалғанын тұқымға қалдырамыз.

Хабар 24 телеарнасы