384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы Лермонтов атындағы орыс драма театрынының жаңа маусымы премьерамен басталды

  • 470

Лермонтов атындағы орыс драма театрынының жаңа маусымы премьерамен басталды. Театр ұжымы өнер сүйер қауымның назарына америкалық драматург Теннеси Уильямстың «Трамвай желаний» шығармасын ұсынды. Әртістер жазғы демалыстан соң көрерменмен қауышуға асық. Театр ұжымы биылғы жаңа маусымды жаңа қойылыммен бастауды жөн көріпті. Тәжірбиелі өнер майталмандары жас мамандардың дайындығын пысықтауда. Бұл жолы елімізге еңбегі сіңген әртіс Нина Жмеренецкая халыққа өзін жаңа қырынан танытпақ.

Нина Жмеренецкая, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

- Мен қазір спектакль дайындап жатырмын. Өзімді режиссер ретінде сынап көрмекпін. Бұл қойылымда 7 кейіпкер ғана болады. Американдық драматургтың шығармасы, автормен әрдайым байланысып, жұмыс жасап жатырмын. Бағасын көрермен бере жатар.

Бұл алдағы жоспар. Ал, театрдың 84-ші жаңа маусымы Теннеси Уильямстың «Трамвай желаний» драмасымен сахна шымылдығын түрді. Қойылымға жастар көбірек тартылған. Шығарма адам өмірінде жиі кездесетін ең әсерлі сезімдерді қамтиды. Махаббат, сағыныш, кездесу мен қоштасу - мұның бәрі көрерменге астарлы ой салары анық,- дейді театр ұжымы.

Авторлары: Гауһар Омарбек, Фариза Болатбек, Ерлан Абжанов.

Хабар 24 телеарнасы