387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Жарлығымен М.Бекетаев ҚР Әділет министрі қызметіне тағайындалды

  • 676

Мемлекет басшысы «М.Б.Бекетаевты Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«М.Б. Бекетаевты Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Марат Бақытжанұлы Бекетаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті                 Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 13 қыркүйек

 № 331

Хабар 24 телеарнасы