389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда жүк тасымалдайтын ұшақ апатты жағдайда қонды

  • 483

Индонезияда жүк тасымалдайтын ұшақ апатты жағдайда қонып, ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Абырой болғанда борттағы 3 экипаж мүшесі зардап шекпеген. Алайда әуе кемесі зақымданған. Папуа провинциясының әуежайында болған бұл оқиғаның анық-қанығы әзірге белгісіз.

Айта кеткен жөн, өткен жылы осы провинцияда дәл осы компанияға тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырған еді. Ол кезде лайнер әуежайға қонуға 10 минут қалғанда, тауға соғылған. Салдарынан ұшақ бортындағы 54 жолаушының бәрі көз жұмған болатын.

 

Хабар 24 телеарнасы