380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізден Ресейге шығарылатын азық-түлік көлемі үш есеге өсті

  • 943

Осы жылдың алғашқы 6 айында елімізден Ресейге шығарылған ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік былтырға қарағанда, үш есе көп болды. Ал Қазақстанда құрастырылған автокөліктер мен құрал-жабдықтар 40%-ға көп сатылды. Мәскеуде қазақстандық тауар өндірушілердің сауда миссиясы кезінде осындай статистика белгілі болды. Шараға азық-түлік, құрылыс материалдарын, машина жасау және фармацевтикалық өнім өндіретін отандық 30 кәсіпорын қатысты. Енді көтерме сауданы жүзеге асыратын компаниялармен онға жуық келісім-шартқа қол қойылмақ. Айта кеткен жөн, былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сыртқы сауда айналымы 14,6 миллиард АҚШ долларына жеткен болатын.

Мейіржан Мәйкенов, «Kaznexinvest» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі таңда Қазақстан экспортының 70 пайызға жуығы Ресей Федерациясының шекара маңындағы аймақтарының үлесіне тиесілі. Қазақстандық өнім өндірушілер географиясын кеңейтіп, Ресейдің ірі қалаларымен жұмыс істеуге мүдделі. Отандық өндірушілерді әсіресе Мәскеу мен Мәскеу облысы қызықтырады, өйткені олардың сатып алу әлеуеті бүкіл Қазақстан нарығының тұтынушылық әлеуетіне тең деуге болады.

Илья Галкин, РФ экономикалық даму министрлігінің өкілі:

- Биылғы алты айда Қазақстанның Ресейге сатқан ауыл шаруашылық шикізаты мен азық-түлік көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2,7 есе өсті. Металл мен одан жасалатын бұйымдар өсімі шамамен екі есені құрады. Қазақстанда құрастырылған машиналар мен құрал-жабдық экспорты 40%-дан астам өсті. Сондай-ақ, тоқыма, аяқ киім, яғни жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортының да өскені байқалады.

Хабар 24 телеарнасы