377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

World Food Moscow көрмесіне отандық өндірушілер де қатысты

  • 792

62 елден әкелінген ет, балық, шоколад пен кофе. World Food Moscow халықаралық көрмесіне әлемнің түпкір-түпкірінде өндірілген өнімдер қойылған. Ресей астанасында өтетін мамандандырылған көрме соңғы 20 жылдың ішінде азық-түлік өндірушілер мен оны жеткізушілердің кездесу алаңына айналған.

Биылғы көрмеге мың жарымнан аса компания қатысуда. Қазақстандық тарап көрмеге өсімдік майы, көкөніс пен жеміс-жидек, сүт және ет өнімдерін әкелді. Қазақтың жылқы етінен жасалған өнімдері Ресей нарығында жоқ. Сондықтан қазы мен сүр етке деген сұраныс көп. Жалпы Қазақстан мен Ресейде өндірілген тағамдар әрқашанда жоғары бағаға ие. Себебі табиғи таза өнімдерден жасалады. Салалық көрмеге қатысқан отандық өндірушілер енді Ресейге өнімін жеткізу жүйесін қалыптастырмақ.

Дмитрий Степаненко, «Лидер» компаниясының сауда директоры:

- Бұл көрмеге біз бұрыннан қатысып жүрміз. Өзімізге қажетті өнім өндірушілермен байланыс орнатудамыз. Жаңа әріптестер пайда болды. Қазір Башқұртстан кәсіпкерлерімен әріптестік орнатып жатырмыз. Біздің негізгі артықшылығымыз – табиғи өнімдер мен олардың жоғарғы сапасы.

Максим Синяев, «Гарантия качества» байқауының ұйымдастыру комитетінің өкілі:

- Өнімдер өте сапалы, ешбір қоспасыз. Маған өте ұнады. Тұтынушы ретінде дәмі жақсы екенін айтуға болады. Қазақстандық өндірушілер өнімдерінің Мәскеудің нарығына шығуы бізді қуантады.

Хабар 24 телеарнасы