383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда төтенше жағдайлардың алдын алу орталығы ашылды

  • 750

Бұл мекеменің жұмысы табиғи апаттарды болдырмау және техногендік қауіп-қатерді мейлінше азайтуға бағытталған. Орталықты Қазақстан Қырғыз елімен бірлесіп ашты. Осы жерде табиғи апаттарды болжау, ақпарат алмасу және төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары сараланады. Қазір мұнда 10 қызметкер бар. Барлығы төтенше жағдай жөніндегі халықаралық дәрежедегі кәсіби мамандар. Басқосуда орталық арқылы табиғи және техногендік апаттарды болжау және қауіп-қатер кезінде қалай әрекет ету керектігі талқыланды.

Валерий Петров, Төтенше жағдайдың алдын алу орталығының директоры:

- Бұл орталықты ашудағы мақсатымыз – екі елдің төтенше жағдай жөніндегі мекемелер арасында тәжірибе алмасу және табиғи апаттардың алдын алуда бірлесіп әрекет ету. Әзірге Ауғанстан да бақылаушы болуға ниет танытты.

Хабар 24 телеарнасы