389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлытаудағы Дүзен батырдың кесенесін қалпына келтіруге 20 млн теңге бөлінді

  • 1073

Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Дүзен батырдың кесенесі қайта жаңғыртылып жатыр. Дүзен батыр Кенесары Қасымовтың ұлт-азаттық жорықтарына қатысқан сенімді серігі, қол бастаған батыры. Дүзеннің кесенесі 1863 жылы оның ағасы Ерденнің тапсырысы бойынша бой көтерген. Республикалық дəрежедегі тарихи ескерткіштің сыртқы келбеті Алаша ханның мавзолейіне ұқсас. Алғашқыда батырдың мазарын ұрпақтары өз қаржысына жөндемек болған. Алайда тарихи маңызы бар мұндай жәдігерлерді кәсіпқой мамандар ғана жаңғырту керек. Сондықтан жүздеген жыл бойы еленбеген ескерткішті қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 20 млн теңге бөлініп отыр.

Қамалиден Есназаров, Дүзен батырдың ұрпағы:

- Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында биыл мына жұмыс басталып, жөнделіп жатыр. Көп күткен ісіміз еді. Енді Алла қаласа, келесі жылы осы құрылыс жұмыстарының аяқталуын ұрпақтары асыға күтуде.

Хабар 24 телеарнасы